Біз  бәрін  жеткіземіз

Неліктен адамдар бізге сенеді

Егер Сіз қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ететін, белгіленген мерзімде халықаралық/қалааралық жеткізуді жүзеге асыратын, партияның сақталуына және шарттың барлық тармақтарының орындалуына кепілдік беретін көліктік компанияны іздесеңіз, онда Сіз іздегеніңізді таптыңыз. Бұл біз - HAS GLOBAL LOGISTIC.

Біз әрдайым тапсырыстарды сәтті орындаймыз! ЖӘНЕ БIЗ УӘДЕ БЕРЕМIЗ:
#1
Қызметкерлер.
Кәсіпқойлар командасына тапсырыстың орныдалуын сеніп тапсыру – үздік нәтиже алуға кепілдік береді. Жұмыс тәжірибесі мол және өз ісіне адал білікті мамандар Сіз қойған міндетті жедел орындайды.
#2
Ашықтық.
Біздің компаниямыз мемлекет белгілеген талаптар мен нормаларға сәйкес жұмыс істейді. Серіктестермен әрдайым ашық және адал жұмыс жасаймыз, Біздің командамыз – бұл диалог жүргізуге ашық кәсіпқойлар. Клиенттің пайдасына бағыттар және команданың ауызбіршілігі - фирмамыздың басты құндылықтары.
#3
Тәжірибе.
Нарыққа шыққан әрбір көліктік компания алғашқы жылдары байланыстарды, тиімді серіктестік қатынастарын орнатады және қызметкерлердің кәсіпқойлығын арттырады. Күрделі жағдайларды еңсеріп, ұйым тәжірибе жинайды. Оны қолмен ұстай алмайсыз, бірақ-та Сіз қойған міндеттердің нақты орындалуы тәжірибенің болуына ғана байланысты. Біз нарықта 2011 жылдан бастап жұмыс істейміз, өз саласының ерекшеліктерін түсінетін білікті қызметкерлеріміз және сенімді серіктестеріміз бар, сондықтан Сіздің жүктеріңіздің уақытылы жеткізілуіне кепілдік береміз.
#4
Сенімділік.
Бізбен бірге ӘРДАЙЫМ СЕНІМДІ БОЛАСЫЗ! Біз уәде берген кезде – уәдемізді орындаймыз!
#5
Кепілдіктер.
Компанияның жауапкершілігі сақтандырылған. Біз өз күшіміз бен мүмкіндіктерімізге сенімдіміз, және клиентке 100% қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, жауапкершілікті қосымша МІНДЕТТІ ТҮРДЕ сақтандырамыз.