Біз  бәрін  жеткіземіз
Теміржол тасымалдары

Теміржол тасымалдары

Теміржол тасымалдары – бұл жүктердің ірі партияларын және (немесе) ірі ғабаритті тауарлардың тасымалдаудың ең үнемді және қауіпсіз тәсілі. Көліктің аталған типі ұқсас жүкті автомобильмен тасымалдаудан гөрі көбірек уақытты талап етсе де, ол жүктің бұдан да төмен бағасы мен үлкен сыйымдылығы түріндегі айтарлықтай артықшылықтарға ие. Теміржол тасымалдары кез келген климаттық аймақта жыл бойы жүзеге асырылуы мүмкін. Пойыздарға жолдардағы кептелістер және шекарадағы күтпеген кезектер кедергі болмайды, ал бұл жедел жеткізудің орындалуын тоқтата алмайды. Біз кез келген типті жүктермен жұмыс істейміз: стандарттық, құрастырма, габаритті емес, ауыр салмақты, жылдам бүлінетін, сынғыш жүктермен жұмыс істейміз.
HAS GLOBAL LOGISTIC-ПЕН ТЕМІРЖОЛ ТАСЫМАЛДАРЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
  • Жүктер тасымалдарының егжей-тегжейлі пысықталған схемасы. Біз барлық кезеңдерде жұмыстарды өз мойнымызға аламыз: жүкті жинау, оны автокөлікпен теміржол қоймасына дейін жеткізу, типтері мен өлшемдері тиісті вагондарға тиеу және біздің клиентімізге жөнелтудің ақырғы жеріне дейін темір жолмен жөнелту.
  • Логистиканың реттелген схемасы. Сіз барлық әрекеттердің нақты бірізділігінен, жедел қайта тиеуді жедел ұйымдастырудан және рәсімнің барлық кезеңдерінде қатаң бақылаудан әсер аласыз. Осының бәрі біздің клиенттерімізге 4-тен 12 күнге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді, ал бұл бизнесте сыни рөл атқаруы мүмкін.
  • Біз қажетті жүк көтергіштігі мен габариттері бар, кез келген типті жылжымалы құрамдардың кең таңдауын ұсынамыз. Бүкіл әлем бойынша жеткізуді жүзеге асырамыз.