Біздің команда
ХАБИБ ЖӘНЕ АНЕЛЬ – БАСШЫЛАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ
Барлықтарыңызға сәлем! Біз - Хабиб және Анель, HAS GLOBAL LOGISTIC негізін қалаушылары мен иелері. Сонымен қатар біз – отбасымыз, ерлі-зайыптымыз. Біздің компаниямыз идеядан және орасан энтузиазмнан ғана басталды. Алайда, іс жүзінде бұл жеткілікті болмауы мүмкін. Егер ниетіңіз болса – ғарышқа да ұшуға болады, ал бұл дәл біздер жайлы :)
Күннен күнге біз компаниямызды қалыптастырдық. Екеуміз ғана ауданы 7 шаршы метр және 1 компьютері бар кеңседе бастадық. Логистика әлемін зерттедік, сәтсіздіктерге тап болып, қателіктерімізден сабақ алдық.
Осы ұзақ жолымызда кәсіпқойлар командасын жинадық, бірақ ең бастысы, істі адал атқара білетін адамдарды іздедік. Епті, икемді болу, клиентті тыңдау және тыңдай білу, бір сөзден түсіну – қазіргі күні командамыз дәл осындай. Біз ілгері жылжып, айналымдарымыз өсуде, зерттелген мемлекеттердің шекараларынан тыс шығып, жаңа белестерді бағындырып жатырмыз және HAS – жұмыс қана емес, біздің өміріміз бен өміріміздің ісі екеніне өте бақыттымыз!
ЛОГИСТТЕР - КОМПАНИЯНЫҢ БАР КҮШІ МЕН ҚУАТЫ
Күн сайын алғы сапта тұрған адамдар. Сағат сайын ондаған машинаны жібереді, жүздеген өтінімді қабылдайды, Сіздің әрбір сұрау салуыңызды өңдейді, тасымалдарды А-дан Я-ға дейін ұйымдастырады. Логистикада ЖЫЛДАМДЫҚ маңызды. Логистикада ептілік қажет. Зейінді, жауапты болу, бірмезетте бірнеше міндетті орындау. Тек осы жағдайда ғана Сіз үздік бола аласыз. Сізге біздің командамызды ұсынамыз.
КЛИЕНТТЕР & ПРОЦЕСТЕР & ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР
Қажетті адамдарды қайдан табуға болады? Күшті командан жиналады? Қалайша ынталандырып, рухтандыруға болады? Кім маңыздырақ, қызметкерлер ме немесе клиенттер ме? Кім туралы ұмытпау маңызды? Компания жайлы әркім айта бастаған кезде не істеу керек? Клиенттерді тәуекелдерден қалай қорғауға болады? Қалайша процестерді құрастыруға және барлығын жұмылдыруға болады? Қаржыландыру: қалайша қаржылық ағындарды дұрыс бөлуге, адамдарға жалақыны уақытылы төлеуге, барлық жеткізушілермен адал қаржылық өзара қарым-қатынастарды орнатуға болады?
Біз күн сайын ондаған және жүздеген мәселені шешеміз. Озат қызметкерлер – сату бөлімдерінің артында – компаниядағы ахуалды қалыптастыратын, барлық заңгерлік және қаржылық мәселелерді шешетін, клиенттер туралы қамданатын, компанияның барлық аспектілердегі дамытумен қатарлас айналысатын адамдар еңбек етеді.